Новости

Биыл тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жылдың жүзі болды. Тәуелсіз дербес мемлекет екендігімізді айшықтайтын бірден-бір дүние ол рәміздер болып саналады. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран Мемлекеттік рәміздер болып табылады. Осы атаулы күні Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде «Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы!» атты дәріс оқылды.

Дәріс Zoom платформасында өтті. Оған № 6 гимназияның 2а сынып оқушылары қатысты. Экран арқылы Әнұранымыз шырқалып балалар бірге орындады. Дәрісіміздің басты мақсаты Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру , Мемлекеттік Рәміздерді жас ұрпақтың санасына сіңіре отырып бейбіт еліміздің жас патриоттарын тәрбиелеу болды.